– әйеліне денесін бос ұстау туралы көмегі: «ішіңді, бетіңді, қолдарыңды сірестірмей бос ұста».
– босанушы әйелмен бірге тыныстау. Толғақтың қысуына қарай демалып үйрену, егерде әйелі ырсылдап демала бастаса, немесе демін ішіне тартып алса, дұрыс ырғақпен демалуына көмектесу.
– ауруды басатын және ұшығына массаж жасау. Егерде босанып жатқан әйелдің іші ауыра бастаса, демалатын жердің шеміршегіне басып қарынын сылап-сипап отыру керек.
– егерде толғақ кезінде арқасы құрысып қалса, жатырдың тұсын сылап-сипап, бұлшық еттерін босатып, құрсақты сәл ғана басып көру керек.
– ыңғайлы жатуға көмектесу. Босануға ыңғайлы қалыпқа келуге қажетті заттар (доптар, үлкенді-кішілі көпшіктер, аласа, биік орындықтар т. б.) кезкелген босану үйлерінде бола бермейтіндіктен бұл заттардың орынын әріптес толтыруы тиіс.<br>
– ана мен баланың көңілін аулап отыру керек. Ананың әрбір талпыныс, ынтасын қанаттандырып, қолдап отыру керек.
– «Қам жеме, алдағы толғақта тағы бір байқап көреміз. Ақылдым менің, жарайсың, сенің қолыңнан бәрі келеді.. »
– деп, ана толғата алмай жатса қолдап, мақтап отыру керек. Ана қиналып жатқан кезде көңілін аулай білу керек: әңгімені болашақтағы бақытты шақтарға бұрып, қызықтыра біліп, аман-есен босанған соң балаларымен қалай қыдыратындарын, оны қалай еркелетініндерін айтып, қазір де балаларының жарық дүниеге шыққысы келіп тырысып жатқанын әңгімелеп, қиын сәттерде қолдай білу керек.
– босанар әйелді арасына бір сағат салып әжетханаға апару, оған әжетханаға баруды есіне салып тұру, өйткені әйел босанар алдында қуығы толып тұрса да оны сезбеуі мүмкін.
– сағатты санап отыру. Секундтық тілі бар сағатты немесе таймерді алып әр толғақ басталған сайын: «10, 20, 30, 40, 50 секунд, демал» – деп уақыт санап отыру қажет. Кейбір әйелдер белгілі бір уақыт аралығында толғаққа төзімді келеді. Ал кейбіреулерге бұл мүлдем ұнамауы мүмкін.
– күш-қуатыңызды сақтаңыз. Толғақ-толғақтың арасында әйел демалған кезде сіз де тыныс алыңыз. Бутерброд жеп, шәй ішіп әл шақырған жөн. Босану кезінде ана мен бала, олардың көмекшілері де орасан күш-қуат жұмсайды.